59
Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
шағамызды дінімізден бездіреді деп қорқып, бұған
кедергі жасаумен болатын.
Ол Құранды түсіну және сүннетті білу жағынан
да сахабалардың арасындағы ең білгірі. Өйткені, үнемі
Расулаллаһпен бірге жүріп, бойындағы бар қабілетін
Исламды, Құранды үйренуге бағыттаған еді. Сондықтан
да Пайғамбарымыз (с.а.с.) тірі кезінің өзінде оған пәтуа
беруге рұқсат еткен-ді. Хазірет Әбу Бәкір қай аяттың не
үшін және қалай түскендігін өте жақсы білетін.
Ол жомарттығы жағынан да алдына жан салмай-
тын. Жомарттығы соншалық, тіпті бүкіл дәулетін Аллаһ
жолында жұмсауға дейін баратын. Бұл жайлы хазірет
Омар былай дейді:
“Исламның кең таралуы үшін Расулаллаһ бірде
жәрдемдесуімізді бұйырды. Бұл менің байлығымның ең
көп кезі. Ішімнен “әй, осы бүгін Әбу Бәкірден озбасам
ба” дедім. Мал-мүлкімнің жартысын Аллаһ елшісіне
әкеліп табыс еттім. Аллаһ елшісі “Ей, Омар! Отбасыңа
не қалдырдың?” – деді. “Дүние-мүлкімнің жартысын
қалдырдым”, – дедім.
Біраздан кейін Әбу Бәкір келді. Ол мал-мүлкін тегіс
алып келген екен. Расулаллаһ (с.а.с.) одан, “Ей, Әбу
Бәкір, сен отбасыңа не қалдырдың?”, – дегенде оның
жауабы мынау болды: “Оларға Аллаһ пен Расулының
сүйіспеншілігін қалдырдым”. Мұны естіген мен “бұдан
кейін жақсылық жасау жолындағы жарыста мен Әбу
Бәкірден ешқашан да оза алмаспын” деп түйдім.
Аллаһтың Сүйікті елшісі (с.а.с.) Әбу Бәкірдің (р.а.)
жомарттығы мен жанқиярлығын үнемі жоғары бағалап
мақтан тұтатын. Ол :