54
Cаңлақ cахабалар
жорыққа аттануын кейінге қалдыруды ұсынды. Бұған
халифа Әбу Бәкір:
– Аллаһқа ант етемін, егер жолбарыстар мен
қасқырлар Мәдинаға келіп қауіп төндірсе де, Аллаһ
расулының бұйрығын орындаймын. Өйткені, ол:
“Усаманың әскерін міндетті түрде аттандырыңдар” деп
кетті, – деп жауап берді.
Хазірет Омар Усаманың әлі жас екендігін ескертіп,
одан үлкенірек біреудің қолбасшы етіп тағайындалуын
ұсынғанда:
– Ей, Хаттабұлы! Усаманы Аллаһ елшісінің өзі
қолбасшы етіп тағайындағанын біле тұра бұл әмірді
қалай өзгерте аламын? – деп, Аллаһ расулына шынайы
берілгендігін көрсетті.
Әскерді аттандырмас бұрын Әбу Бәкір Усамаға
Исламның соғыс құқығына байланысты мына маңызды
қағидаларын қатаң ұстануын бұйырды:
“Шектен шығып, қиянат жасамаңдар. Уәделеріңді
бұзбаңдар. Өлтірілгендердің ағзаларын кеспеңдер.
Балаларды, қарттарды және әйелдерді өлтірмеңдер.
Құрма ағаштарын кесіп өртемеңдер. Жеміс беретін
ешбір ағашты кеспеңдер. Қой, сиыр немесе түйелерді
қажеттіліктен тыс соймаңдар. Жолда шіркеулерде
құлшылық жасаушыларға тиіспеңдер!”
Усаманың басшылығындағы әскер Әбу Бәкірдің
берген нұсқауы бойынша жүріп кетті. Гректерге
кезікпеді. Бірақ кері қайтар жолда діннен шыққан
Хуза‘алықтардың бір тобын ойсыратты. Осылайша
әрі Аллаһ елшісінің (с.а.с.) әмірі орындалды, әрі бас
көтеріп келе жатқан үлкен бір бәлекеттен мұсылмандар
аман қалды.