49
Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
демек білген бір ақиқаты бар” деп сабырға шақырды.
Әбу Бәкір бұл жайлы былай дейді:
“Ислам үшін Худайбиядан асқан ұлы жеңіс болған
емес. Бірақ адамдар ол күні Мұхаммед пен оның Раб-
бысы арасындағы сырды түсіне алмай асығыстық жа-
сады”.
Худайбия келісімі сырт көзге жеңіліс сияқты
көрінгенімен, ақиқатында Құранда „Фатх” сүресінде
баян етілгендей “айқын жеңіс” болды.
Худайбия келісімінің нәтижесінде кескілескен екі
жақтың арасында тыныштық орнады. Мұсылмандар өз
діндерін қорықпай уағыздай алатын болды. Мүшріктер
болса мұсылмандарды жақыннан тану мүмкіндігіне ие
болды. Мұсылмандармен қоян-қолтық араласып, олар-
ды таныған сайын, бойларындағы адалдық, шынайылық
пен адамгершіліктің керемет үлгісін көріп, жаңа дінге
деген қызығушылықтары арта түсті. Көптеген адам
Исламды қабылдаса, бірқатары дұшпандықтан бас
тартты. Худайбия келісімінен кейін мүшріктердің ең
жаужүрек, жеңілмес қолбасшысы Халид ибн Уәлид пен
айлалы саясаткер Амр ибн Ас т.б. сияқты ірі тұлғалары
мұсылмандықты қабылдады.
Худайбия келісімі мен Меккенің алынуына
дейінгі екі жылдық қысқа уақыт аралығында мұсыл-
ман болғандардың саны Аллаһ елшісіне (с.а.с.)
пайғамбарлық келген кезден бастап, өткен жиырма
жылда иман келтіргендерден ондаған есе артық. Де-
мек, бұл бейбіт келісім – жеңіліс емес, Исламның ұлы
жеңісі.
Пайғамбарымыз төсек тартып жатқанда сахабалар
жағдайын сұрап, жиі-жиі үйіне барып тұратын. Ара-