52
Cаңлақ cахабалар
терінен туындаған рухтары мен көңілдеріндегі терең
тебіреністі басқа оқиғалар арқауына желі боларын ой-
лап, бұған дер кезінде тосқауыл қоя білді. Ол:
– Кімде-кім Мұхамедке құлшылық еткен болса,
біліп қойсын, ол өлді. Кім Аллаһқа құлшылық еткен
болса, Ол Бақи (Өлімсіз) және өлмейді. Аллаһ тағала
Құранда:
“Мұхаммед тек пайғамбар ғана. Одан бұрын
да қаншама пайғамбар келген. Егер ол өлтірілсе не-
месе өлсе, сіздер қайтып ескі күйлеріңізге қайта ора-
ласыздар ма? Кімде-кім кері оралар болса, Аллаһқа
зиян келтіре алмайды. Аллаһ шүкір еткендерге оның
сауабын береді (Әли-Имран, 144)
деген аятты оқыды
да:
– Аллаһтың діні өмір сүре береді. Аллаһ дінін
кемеліне жеткізеді. Аллаһ өзінің дініне жәрдем етіп,
оның туын жоғары желбіретер адамның көмекшісі бо-
лады. Қолыңызда Аллаһтың кітабы бар. Ол – нұр әрі
шипа. Аллаһтың адал қылғаны мен харам қылғаны сон-
да мәлім етілген, – деп
29
, жиналған жұртқа басу айтып,
Расулаллаһтың бұл дүниеден өтуімен оның қызметінің
тоқтап қалмайтындығын білдірді. Жұртшылық абдырап
қалған сын сағатта Әбу Бәкір салқынқандылығымен,
парасатымен адамдардың мұңды көңілдеріне дем беріп,
қайғыға бел алдырмауы үшін қам жасады.
Әбу Бәкір беделді сахабалардың келісімімен
бірауыздан халифа болып тағайындалды. Өйткені
сахабалардың барлығы Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
көңіліндегі адам Әбу Бәкір екенін жақсы білетін. Әбу
Бәкір халифа болып тағайындалған күннің ертесінде
мешіттегі мінберге шығып, халыққа былай деді:
29
Бухари, Жанаиз, 123; Ибн Мажә, Сунән, Бейрут, Ихяут-
турасил араби, Жанаиз, 65; Сира, 4:305.