Previous Page  48 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 48 / 336 Next Page
Page Background

48

Cаңлақ cахабалар

дұшпандарының қолына түспеу үшін үш күн осы

үңгірді паналады.

Үш күн өткеннен кейін олар үңгірден шығып,

Мәдинаға қарай бет алды. Мәдинаға һижрет Ислам

тарихында жаңа дәуірдің басталуына арқау болды.

Қатерлі де қиын жолаушылықтан кейін олар Мәдинаға

келіп жетті. Олардан бұрын Мәдинаға һижрет еткен

мұсылмандар мен жергілікті халық көшеге сыймай

қадірлі қонақтарын құрақ ұшып, құшақ жая қарсы

алды

27

.

Шынайылық – жақсы көргеніне ұқсау, барын да,

жоғын да соның жолына атау, өз болмысын сүйгенінің

болмысында жоқ ету. Міне, хазірет Әбу Бәкірді жоғары

мәртебеге жеткізген осы қасиет. Оғаншынайы, турашыл

мағынасында “сыддық” дегізген сипаты Пайғамбарлар

падишасына (с.а.с.) деген шынайылығы мен

берілгендігінен келді. Ол Аллаһ елшісінің айтқандарына

еш қалтқысыз сенетін. Өйткені оның досы – достың

да, дұшпанның да бірауыздан “Мухаммадүл-Әмин”

(сенімді Мұхаммед) деп қабылдаған асыл жан еді.

Әбу Бәкір Сыддықтың Ардақты елшіге (с.а.с.)

қылаусыз сенімі мен парасаттылығынХудайбия келісімі

кезіндегі әрекетінен аңғаруға болады. Аллаһ елшісінің

(с.а.с.) мүшріктердің ұсынған қиын шарттарын қабыл

етіп, бейбіт келісімге баруын сахабалардың көпшілігі

алғашында түсіне алмай қарсы шықты. Омар сияқты

ақылды сахабаның өзі бұл келісімнің астарындағы сыр-

ды ұғына алмай әбігерге түссе, Әбу Бәкір өзіне келген

адамдардың бәрін “Аллаһ елшісі бұлай жасаған болса,

27

Табақат, 3:72; Ибн Әсир, Усдул- ғаба фи ма‘рифатис-сахаба,

Мысыр, 1328, 3: 209-210.