44
Cаңлақ cахабалар
– Ең жақын досыңның не айтқанын білесің бе? Бұл
түні ол Ақса мешітіне барып сол жерде намаз оқығанын,
ол жерде бұрынғы пайғамбарлармен жүздесіп көкке
көтерілгенін және сол түні қайта оралғандығын айту-
да, – деді.
Әбу Бәкір бір нәрсені айқындап алғысы келіп:
– Сіздер мұны оның өз аузынан естідіңіздер ме? –
деді.
– Иә, өз аузынан естідік.
Хазірет Әбу Бәкір Пайғамбарымыздың көкке
көтерілгеніне шүбәсіз иланып:
– Ол айтса, бұл – шындық. Мен Мұхаммедке
(с.а.с.) және Аллаһ тағаладан әкелген барлық нәрсеге
кәміл сенемін,– деді.
Кейін бұл миғраж мұғжизасын Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) өз аузынан естіп білгенде Әбу Бәкір:
– Сенің тура сөйлегеніңе ант етемін. Сен Аллаһтың
Хақ елшісісің. Мен бұған тағы да куәлік етемін,– деді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған ілтипат білдіріп:
– Ей, Әбу Бәкір, сен онсыз да сыддықсың (тура-
шыл, шынайы),– деді.
Содан бері бұл сипат қияметке дейін құрметті атау
ретінде үнемі Әбу Бәкірдің атымен қатар (Әбу Бәкір
Сыддық) атала бастады
25
.
Әбу Бәкір Сыддық Пайғамбарымызға (с.а.с.) деген
адалдығы, берілгендігі мен жанкештілігінің арқасында
оның жанына жақын тұтар ең жақсы көретін ада-
мы болды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) Исламды халыққа
кеңінен насихаттау жөнінде және басқа да істерінде
онымен жиі ақылдасып тұратын. Бұл жақын қатынас
25
Сира, 2:39; Ибн Сағд,Табақатул-кубра, Бейрут, 1978, 1:213-
216.