Previous Page  41 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 41 / 336 Next Page
Page Background

41

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

Көптен бері нұрды аңсап, асыға күткен Әбу Бәкір

онсыз да кемеріне келген көңілі мен жүрек сарай-

ын Исламға айқара ашып, иләһи мейірімнің шуағына

бөленіп, өзін басы бүтін осы ақиқат жолына арнап,

үнемі Расулуллаһтың (с.а.с.) қасынан табылып, көктен

түсіп жатқан иләһи уаһиларды жүрегіне нақыштап,

халыққа жеткізуде сөзі өтімді жаршыға айналды. Бүкіл

адамдардың бұл бақыт нұрынан мақрұм қалмауы үшін

жүрек жалыны оттай лаулап, бір орнында байыз тап-

пады.

Хазірет Әбу Бәкір шынайылығымен қоса мәрт

мінезді, көңілі жайсаң жан болатын. Мұсылман

болған кезде оның қырық мың дирхамы бар еді.

Мұның барлығын да Ислам жолында жұмсау үшін

Пайғамбарымызға (с.а.с.) әкеліп табыс етті. Ол бір

жағынан, ақылы мен шешендік қабілетіне сүйеніп, Ис-

ламды үнемі уағыздаумен болса, екінші жағынан, ке-

дей мұсылмандарға үнемі материалдық көмек көрсетіп

отырды. Өміріне қауіп төніп тұрса да, жан-тәнімен

қабылдаған ақиқат дінін уағыздауға құлшына кірісті.

Меккенің көптеген бетке ұстар азаматтарының Ислам-

ды қабылдауына себепкер болды. Олардың арасын-

да көзі тіріcінде Жәннатпен сүйіншіленген он кісінің

алтауы: хазірет Осман, Талха ибн Ұбайдұллаһ, Сағд

ибн Әби Уаққас, Әбу Ұбайда ибн Жәррах, Зүбәйр ибн

Әууәм, Абдуррахман ибн Ауф (р.а.) бар еді. Бұлармен

қатар Осман ибн Маз‘ұн, Әбу Сәламә және Әрқам ибн

Әбу Әрқам (р.а.) Әбу Бәкірдің себепкерлігімен Ислам-

ды қабылдаған еді. Оның себепкерлігімен мұсылман

болғандардың саны 38-ге жетті.

Оның күш-жігері мен қайратының арқасында

Исламның шапағат нұрына бөленгендердің қатары