Previous Page  42 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 42 / 336 Next Page
Page Background

42

Cаңлақ cахабалар

күн санап өсіп жатты. Алайда мүшріктер де қол

қусырып қарап қалмады. Исламды енді ғана қабылдап

жатқандарды жаңа сенімнен бас тартқызу үшін

қолдарынан келген жамандығын барынша істеп бақты.

Сөзбен түйреулерін тоқтатып, күш қолдана баста-

ды. Мұсылмандарды кезіктірген жерлерінде соққыға

жығып, зәбір көрсетті.

Алғашқы кезде мұсылмандар құлшылықтарын

еркін орындау үшін хазірет Әрқамның үйіне құпия жи-

налатын. Оның үйі кіріп-шығуға қолайлы, көзден таса,

әрі сырттан келген-кеткендерді бақылауға оңтайлы

еді. Күндердің бірінде осы үйге жиналған сахабалар

Аллаһтың бірлігін мүшріктерге ашық түрде жария ету

үшін Пайғамбарымыздан (с.а.с.) рұқсат сұрайды. Арала-

рында Әбу Бәкір де бар. Алайда Пайғамбарымыз оның

уақыты әлі келмегендігін, ол үшін мұсылмандардың әлі

аз екендігін айтып алғашында рұқсат бермегенді, бірақ

Әбу Бәкірдің табандылық танытуынан кейін олардың

айтқандарына көнеді. Барлығы жұптарын жазбай

Қағбаға барады. Әбу Бәкір мүшріктерге қарап:

– Хақ һәм жалғыз Аллаһқа мадақ! Мәңгі бақыт –

Аллаһқа иман ету. Оны мойындамай пұтқа табыну –

өте жаман ғадет. Мағынасы жоқ жәһилия әдеттерін та-

стап, Аллаһ елшісінің шақыруына мойынсұныңыздар,

– деді.

Мүшріктер алғашында толқыса да, тез арада

естерін жинап, мұсылмандарға қарсы майдан ашты.

Әбу Бәкірді жерге жатқызып алып, қолдарына түскен

нәрсемен ұрып-соға бастады. Қаныпезер мүшрік Ұтба

ибн Рәбиә табанында шегесі бар аяқ киімімен тепкілеп,

оның нәзік бетін қан жоса қылды. Сол арада Әбу