Previous Page  37 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 37 / 336 Next Page
Page Background

37

1. Әбу Бәкір Сыддық

“Исламға шақырған кезімде, Әбу Бәкірден басқада

алғашқыда сәл іркіліс пен күдіктену болды. Бірақ Әбу

Бәкірге Исламды түсіндіргенімде, еш күдіктенбестен,

кідірместен иман келтірді”.

(Хадис)

Хазірет Әбу Бәкір Пайғамбарымыздан (с.а.с.)

бірнеше жас кіші. Әкесінің аты Осман болғанмен Әбу

Кухафа деген атпен танымал еді. Анасының есімі –

бүкіл жақсылықтардың анасы дейтін мағынаға саятын

Үммул-Хайр, жұбайының есімі – Үмму Румман, одан

бұрын Асма бинт Умейске үйленген еді. Әбу Бәкір үш

қыз бен үш ұлдың әкесі болды.

Ислам дінінің Пайғамбарымыздан (с.а.с.) кейінгі

ең ардақты тұлғасы – Әбу Бәкір (р.а.). Ол Ислам діні

жолында жанын да, малын да пида етуімен, туралық,

шынайылығымен басқаларға жарқын үлгі болды. Бүкіл

ғұмыры биязылық, жомарттық, жанкештілік тәрізді

адамдық асыл қасиет өрнектеріне толы.

Хазірет Әбу Бәкір әлемге Ислам шуағы төгілмей

тұрып та сол қараңғылық дәуірдің өзінде жан дүниесі

нұрға толы еді. Ешқашан жансыз, қимылсыз, ақылсыз,

өзге түгіл өзіне де пайдасы не зияны жоқ дәрменсіз,

мешеу пұттарға бас иіп табынбаған. Ішімдік пен құмар

сияқты жәһилия дәуірінің әдеттеріне мойын бұрмаған,

туа біткен асыл рухты болатын.

Ол Меккеде бай әрі беделді, көпшілікке сый-

лы кісі еді. Құрайыштың түп шежіресі мен тарихын

жетік білетін. Ел дау-дамайға әділдік іздегенде соның