Previous Page  33 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 33 / 336 Next Page
Page Background

33

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

дара қасиеттеріне қарамастан Пайғамбарымызға (с.а.с.)

еруі – ардақтылықтың үлгісі болатын.

Аты аталған тұлғалардың бәрі текті жерденшыққан.

Хазірет Әлидің әкесі аса дәулетті болмаса да, Мекке-

де сөзі өтетін беделді кісілердің бірі еді. Исламның

болашағы бұлдыр тартып тұрса да байлық пен шен-

шекпенге көз сатпай, бастарын қатерге тіккендігі үлкен

жанқиярлықтың белгісі емей немене?!

Олардың ешбірі дүниеге бас имеді. Керек жерінде

Хазірет Осман бес жүз түйені үстіндегі жүгімен қоса

садақаға берсе, Абдуррахман ибн Ауф дүниесінің

ауырлығынан Жәннатқа кірерде кеш қалатынын естіп,

қолындағы бар затын көзі қиып, тегіс Аллаһтың ақ жо-

лына жұмсай білді.

Исламның аяғын тәй-тәй басқан алғашқы кезеңінде

қиындыққа кеудесін тосушылардың бірі болуы олардың

дәрежесін басқалардан ерекшелеп жоғары көтерді.

Бұлардың ішінен дәрежесі жағынан төрт халифа ең

алда келеді. Ендігі жерде солардың өмірлеріне қысқаша

тоқталу арқылы сахабалардың дәуірі, олардың сіңірген

еңбектері жайлы мәлімет беруге тырысамыз.