35
Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
пен кішіпейілділікті паш етіп, жұрт сүйіспеншілігіне
бөленді. Айталық, хазірет Әбу Бәкір халифа болмай
тұрып Синх аймағындағы халықтың қойларын сауып,
оларға жәрдемдесетін. Ол халифа болып тағайындалған
кезде көрші аймақтағы бір күңнің: “Сірә, Әбу Бәкір
бұдан кейін біздің қойларымызды саумас”, – дегенін
естіген Әбу Бәкір: “керісінше, өміріммен ант етейін,
мен бұдан кейін де қойларыңызды сауамын. Мойныма
алған бұл жауапкершілік мінез-құлқым мен әдеттерімді
өзгерте қоймас”, – деп жауап берген. Ол қой саууды
Мәдинаның орталығына көшкенге дейін алты ай бойы
жалғастырған.
Хазірет Омар (р.а.) да саудамен айналысатын. Ол
мемлекет басшысы болып тағайындалғаннан кейін
халық қамына кірісіп, саудамен айналысуға уақыты
қалмағанды. Сахабалардың ұйғаруымен оған өзіне
және отбасына жетерліктей ғана айлық бекітілді. Омар
бұған қанағат етіп ризашылық көрсетті.
Хазірет Осман (р.а.) қызметкерлерге айлық
таратқан кезінде, жағдайы нашарларға өз байлығынан
қосымша қаражат бөлетін. Онсыз да Осман (р.а.)
жомарттығымен, садақа таратуымен және Аллаһ жо-
лында дүние бағыштауымен атағы шыққан кісі еді.
Хазірет Әлидің де жағдайы осы кейіптен тыс
кетпеді. Осы орайда, сол шақта салтанат құрған әділдік
пен теңдіктен бір шағын мысал келтіре кетпекпіз.
Бір күні хазірет Әлиге Жуда ибн Хубайра келіп:
– Ей, мүминдердің басшысы! Кейде біреуі сені жа-
нындай жақсы көретін, екіншісі саған жаны қас екі адам
келіп сенің төрелігіңе жүгінеді. Сен екінші адамдікін –
дұрыс, бірінші адамдікін – жаңылыс дейсің. Бұл қалай
болғаны? – деп сұрағанда, оған хазірет Әли: