34
Төрт халифа
“Аллаһ сахабаларымды пайғамбарлардан өзге бүкіл
адамдардан абзал етті. Әсіресе, мына төрт кісіні: Әбу
Бәкір, Омар, Осман және Әлиді қайырлы етті”.
(Хадис)
Аллаһтың Сүйікті елшісі (с.а.с.) Раббысынан
алған уахиларымен адамдық қасиеттерден жұрдай
болған араб қоғамындағы адами құндылықтардың
толығымен жоғалып кетуін тежеп, адамдардың өмірге
деген көзқарасын тұтастай өзгертті. Ол өз қызметін
толық орындап, бұл істі жалғастырар артында сахаба
жамағатын тастап кетті. Ислам туын биікте желбірету
жолындағы шайқаста жанын пида етуден тайынбаған
сахабалар Аллаһ пен Расулының (с.а.с.) разылығын
дүниенің көз тартып, көңіл байлар алдамшы салтана-
тынан әрқашан да жоғары қойды.
Алғашқы Ислам мемлекетінде Пайғамбарымыздан
(с.а.с.) кейін билік басына келген төрт халифа әділдікті
орнату, халықты жоқшылық пен азғындықтан құтқару,
мейірімділік пен жанашырлық, халықты бір-бірінен
бөле-жармай бәріне тең қарау секілді қасиеттері
арқылы қайталанбас, біртуар басшылар ретінде адам-
зат тарихының абыройлы беттерінен ойып тұрып орын
алды.
Отыз жылдық бұл қысқа заман «Хулафа-ур-
Рашидин дәуірі» (әділетті, турашыл халифалар)
делінеді. Осыуақыт аралығындамемлекет басқару ісінде
Исламдық басқарудың ең тамаша үлгісі көрсетілді.
Төрт халифа да ел билеген кезінде қарапайымдылық