Previous Page  29 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 29 / 336 Next Page
Page Background

29

Сахабалар жайлы жалпы мәлімет

Өмір сүрудің күллі шарттары сіздің жолыңызды

кесетін өткел бермес от-дария боп тұрған кезінде, Ислам

ақиқатына мойынсұнып, қатерге бас тігу, шынайылық

пен төзімділікті қажет етеді. Әлі Ислам дінінің

келешегінің қандай боларына толық көз жеткізбестен

бұл қатерлі жолға бас тігу адам ақылымен жасалына-

тын іс емес еді. Бірақ, сахабалар алдарында “Әмин” (өте

сенімді) деп білген Пайғамбарды (с.а.с.) көргендіктен,

олар бұлтартпастан, бұра тартпастан бұл жолдың

тауқыметін арқалауға шынайы көңілдерімен көнді.

Міне, сахабалар зор қиыншылықтарға қарамастан,

бүкіл тосқауыл мен бөгеттерді бұзып-жарып шығуға

ынта-шынтасымен кірісіп, өршелене тырысып алға

ілгеріледі. Аллаһ тағаланың өз дінін орта жолда

қалдырмайтынына бар көңілімен сенген бұл жамағат

табысқа жетті.

Сахабаның табысқа жетуінің бір сыры –

турашылдық пен шынайылықта. Неге десеңіз, са-

хаба мұсылмандықты қабылдай салысымен дереу

жамандықтан жақсылыққа ұмтылды, қараңғылықтан

жарыққа талпынды, қоғамның барша індетінен бойды

аулақ салды. Исламның жүректегі төңкерісінен кейін

алдамшы дүниеден мейлінше қашықтап, алдау-арбау

секілді түрлі жамандықтардың қараңғылығына қайта

оралмады. Осы тұста бір қынжылтатыны, ақиқат пен

жалғанға қатар жүгінген қазіргі шақта көпшіліктің

мұны жете түсіне бермейтіндігі.

Жанқияр рухты асыл ерлер, саңлақ сахабалар,

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) адамзатқа ұсынған дәстүрін

жүзеге асырудың әбден мүмкін екендігін дәлелдеп,

нағыз үлгі-өнеге көрсете білді. Олар пайғамбарлардан