Previous Page  25 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 25 / 336 Next Page
Page Background

25

Сахабалар жайлы жалпы мәлімет

сағаттарда қасынан табылған сахабаларын ұмытуы

мүмкін бе?! Төмендегі хадистер осының нақты дәлелі:

“Менің сахабаларымды жамандап сөз айтпаңыздар.

Егер сіздерден біріңіздің Ұхұт тауындай алтыны болып,

оны тұтастай Аллаһ жолында бағыштаса, бұл олардың

бір уыстық бағыштарына, тіпті оның жартысына да тең

келмейді”

14

.

“Адамдардың ең жақсылары менің ғасырымда

өмір сүргендер (сахабалар), содан кейін олардан кейін

келгендер (яғни, таби‘ун), содан кейін де олардан кейін

келгендер (атбаут-табиин)…”

15

.

“Сахабаларым көктегі жұлдыздар секілді. Қайсы-

сына ерсеңіз де тура жолды табасыз”

16

.

Әлемдерге рақым етіп жіберілген ақырғы

Пайғамбарға (с.а.с.) серік болған сахабалар өздерінен

кейін келетін бүкіл ұрпақтар үшін үлгі-өнеге. Шынайы

Ислам түсінігі мен өмір сүру дәстүрі сахабалардың

кезінде айқын көрініс тапты. Хадисте айтылғандай,

олардың өмірі – кейінгі ұрпақ үшін қараңғы түнекте

бағыт сілтейтін шамшырақ іспетті.

Сахабалардың Ислам тарихындағы орны

Сахабалар ғасыры Ислам тарихында “асрус-

са‘адат” (алтын ғасыр) деп аталады. Себебі, олар тек

өздерінің ғана емес, баршаИсламүмбетінің бақытыүшін

жан аянбай күресті. Өмірде адамдар арасындағы, қара

халық пен басқарушылардың, әр түрлі дін өкілдерімен

қарым-қатынаста (“өзі тоқ болып, көршісі аш жатқан

14

Бухари, Фадаилу-с-сахаба, 5; Муслим, Фадаилу-с-сахаба, 221.

15

Бухари, Фадаилус-сахаба, 1; Муслим, Фадаилус-сахаба, 212.

16

Ажлуни, Кашфул-хафа, Бейрут, 1351,1:132.