Previous Page  21 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 21 / 336 Next Page
Page Background

21

Сахабалар жайлы жалпы мәлімет

5. Ибн Хажар әл-Асқалани (773-852),

әл-Исаба фи-

т-тамиизис-сахаба.

Құран кәрімдегі сахабалар жайлы аяттар

Сахабалардың ерліктері, табандылықтары

мен шынайылықтарын мадақтап, дәрежелерінің

қаншалықты жоғары екендігін кейінгі ұрпаққа білдіру

үшін Аллаһ тағала Құран кәрімнің көптеген аяттарында

сахабалар туралы баяндаған. Олар – ең қайырлы үмбет.

Бұл жайлы «Әли-Имран» сүресінің 110-аятында:

“Сендер елді жақсылыққа шақырып, жаман-

дықтан тыю үшін шығарылған қайырлы үмбет-

сіңдер”

–делінген. Сахабалар жайлы Тәурат пен Інжілде

де оларды сипаттап, мадақтаған аяттар бар. Ол жайлы

Құранда:

“Мұхаммед – Аллаһтың елшісі. Онымен бірге

болғандар, кәпірлерге өте қатал, ал өз араларын-

да тым мейірімді. Сен оларды рұкұғда, сәждеде

көресің. Олар Аллаһтан мәрхамат пен разышылық

тілейді. Жүздерінде сәжденің іздері бар. Олардың

Тәураттағы сипаттары осы. Інжілдегі сипаттары

болса: бұл бас жарып, сосын бара-бара күшейген, жу-

андап өз сабағында тік тұрған масаққа ұқсайды. Бұл

егіншілерді таңғалдырып, кәпірлерді ызаландырады.

Олардың ішінен иман етіп, ізгі істер істегендерге

Аллаһ кешірім мен үлкен сыйлық беруді уәде етті”

(Фатх, 29)

делінеді

.

“Иман келтіріп, һижрет жасағандар, Аллаһ

жолында соғысқандар, оларды үйінде қонақ еткен-

дер, оларға көмектескендер, міне, бұлар нағыз иман

еткендер. Оларға жарылқау мен қымбатты ырзық

бар”

(Әнфал,74).