Previous Page  17 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 17 / 336 Next Page
Page Background

17

Сахабалар жайлы жалпы мәлімет

қиындықтарға төзе білген, білімге құштар жанқияр

суффа асхабы табандылықтарының орны ерекше.

Сахабалардың дәрежелері

Аз уақыт болсын Пайғамбарымызды көріп, иман

еткен адам «сахаба» деп аталған. Дегенмен Ислам

дінінің кең тарап, қанат жаюы жолында танытқан ерен

ерліктері мен жанқиярлығы жағынан дәрежелері әр

түрлі сахабалар бар. Дін жолындағы бүкіл соғыстарға

немесе кейбіреулеріне қатысулары, Аллаһ расулымен

бірге мүшріктерден жапа шегіп, олардан азап көрулері,

мал-мүлік, бала-шағалары мен үй-жайын тастап, басқа

мемлекетке көшуге мәжбүр болуы, сол сияқты дін

жолында шейіт болуы тұрғысынан алғанда, олардың

арасындағы сахабалар дәрежелерінің әр түрлі болуы

табиғилық. Сахабалардың арасындағы бұл дәреже

айырмашылығын хадис ғалымы Хаким ан-Нисабури

былайша көрсетеді:

1. Хулафа-ур Рашидин (Әділетті 4 халифа: Әбу

Бәкір, Омар, Осман, Әли) және солармен бірге алғаш

иман келтіргендер. Бұлардың ішінде көздерінің

тірісінде Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба (әль-

ашарат-ул мубашшарату) және олардан кейінгі 6 кісі.

2. Дар-уль Аркам асхабы. Бұлар – Омар ибн Хат-

табтан бұрын иман келтіріп, мұсылман болғандықтарын

жасырын ұстап, Аркам ибн Әбул-Аркамның үйінде

жиналғандар.

3. Мұсылман болғандықтары үшін Меккеде зорлық

көріп, лажсыз Эфиопияға һижрет (көш) жасағандар.