Previous Page  19 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 19 / 336 Next Page
Page Background

19

Сахабалар жайлы жалпы мәлімет

істермен салыстырғанда маңызды әрі құнды. Бұл ақиқат

жайлы Құранда былай делінеді:

“Әрине, сіздердің араларыңызда Меккенің

алынуынан бұрын Аллаһ жолында мал-мүлкін

жұмсап, соғысқан адам мен басқалары тең бол-

майды. Олардың дәрежесі одан кейін мал-мүлкін

жұмсап соғысқандардан үстем. Сондай-ақ Аллаһ

бәріне жақсылық уәде етті. Аллаһ сіздердің

істегендеріңізден толық хабардар”

(Хадид, 10).

Бұл аятта көрсетілгендей, Ислам діні жаңа та-

рай бастаған алғашқы уақыттарда мұсылмандықты

қабылдау – өз еркіңмен басыңды қауіпке тігу, яғни, сан

түрлі қиыншылықтарға душар болу дегенді ұқтыратын.

Бірде Әбу Бәкірдің (р.а.) Әлиге (р.а.) айтқан мына

сөздері сол күндердің қиыншылығын көз алдымызға

елестеткендей:

“Ол күндері көңілді қайғы басып, көзге қан толып,

кеудені кек кернейтін. Ызалана қылыш біленіп, жер беті

қорқыныштан арылмайтын. Өлімге нар тәуекелмен ғана

күн кешетінбіз. Өйткені, өзімізді қорғап шыбын жан-

ды аман алып жүру қиынның қиыны еді. Қабырғаңды

қайыстырып ауыртпалыққа көнбейінше ештеңені түзету

мүмкін емес-ті. Міне, осындай қиын-қыстау кезеңде

әке-шеше, туған-туыс, барымыз бен жоғымызды, бүкіл

дүниемізді шын разышылығымызбен қуана-қуана

Аллаһ расулының жолында пида етуші едік

8

”.

8

А. Жевдет Паша, Қысасүль әнбия ве таварихуль-хулафа,

Истанбул, 1981, «Бәдір» баспасы , 2:66-67.