15
Сахабалар жайлы жалпы мәлімет
Ансарлар өмірлерінің соңына дейін Ислам жо-
лында қызмет етті. Солардың көмегінің арқасында
мұһажирлер мұқтаждықтың не екенін білмеді. Осындай
иық селбесіп, бір-біріне жәрдемдесудің дәнекерлігімен
Мәдинада Ислам мемлекеті құрылып, аз уақыттың
ішінде рухани һәм материалдық жағынан басқа
мемлекеттерді басып озды.
Ансардың жасаған жақсылықтары Құранда ерекше
аталып, олар жайлы:
“Міне, нағыз құтылушылар осы-
лар”,–
делінген
4
.
Аллаһ Елшісі (с.а.с.) Ансардың дәрежесін былай
бағалаған:
“Һижрет болмағанда мен ансардың қатарынан
табылар едім. Барлық адамдар бір жолға, ал ансар
басқа жолға түссе, мен ансардың жолымен жүрер едім.
Аллаһым, ансарды, балалары мен ұрпақтарын да қорғай
гөр!
5
”.
Мұһажирлердің жаппай қоныс аударып, оларға
ансардың жәрдем етіп, қолдауының нәтижесінде Аллаһ
расулы да Мәдинаға көшті. Осылайша Мәдина Ислам
дінінің орталығына айналды. Ислам шуағын тарату
орталығы болған бұл қала „Мәдина мунаууара” (нұрлы
қала) деп аталды
6
.
4
Хашр, 9.
5
Бухари, ас-сахих, Бейрут, манақибуль-ансар, 1,2; Муслим,
ас-сахих, Бейрут, закат, 132-141
6
В.Иылдыз, Хидаиет иылдызлары, Измир, 2002, 4-5.