Previous Page  11 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 11 / 336 Next Page
Page Background

11

Cаңлақ cахабалар

қашанда қасынан табылған сенімді мұраттастары ақжал

толқын сахабалар керуені тарих сахнасына шеру тарт-

ты...

Ислам діні адамдардың жүрегінде ұлы төңкеріс жа-

сады. Ақиқатқа көз жеткізген қарапайым адамдардың

арасынан уақыт өте келе нағыз парасат-пайымыжоғары,

жалпы адамзатқа өнеге боларлық Ислам қаһармандары

шықты. Бұған сахабалар өмірі айқын дәлел. Аллаһтың

көмегімен сахабалар адамзат тарихында теңдесі жоқ

төңкеріс жасады. Олар кейінгі ұрпаққа дұшпаны

күйініп, досы сүйінетін өнеге, мәңгілік рухани мұра

қалдырды.

Мысалы: хазірет Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбарды та-

нып, иман нәрімен сусындаған соң ісі шынайылығымен

астасқандықтан пайғамбарлардан кейінгі ең жоғарғы

мәртебеге жетті. Саналы ғұмырын Аллаһтың ақиқат

жолында сарп етті. Ол мейірімділігі, қайырымдылығы,

жомарттығы, шыншылдығы, ақыл-парасаттылығымен

ерекшеленді.

Арыстандай айбарымен айналасындағылардың

мысын басып зәре-құтын ұшыратын бір кездегі көзіне

жас алмас қатал Омар (р.а.) иман етіп, Пайғамбардың

(с.а.с.) тәрбиесінен өткеннен кейін әділдігімен тарихта

өшпес із қалдырды. Пайғамбарымыздың: “Егер менен

кейін пайғамбар келер болса, ол Хаттабұлы Омар болар

еді” деген ілтипатын иеленген дара тұлғаға айналды.

Ар-ұят пен биязылықтың төресі, аса жо-

март, әдептіліктің ізгі үлгісі хазірет Осман Аллаһ

елшісінің (с.а.с.) тәрбиесімен бойындағы қасиеттерін

кемелдендіре түссе, ғылымға терең құштарлығымен,

тақуалығымен шоқтығы биік хазірет Әли тәрізді

қаһармандар жетілді.