12
Cаңлақ cахабалар
Қарапайым сарбаз бола тұра “Аллаһтың қылышы”
атағын иеленген Халид ибн Уәлид, ірі саяси тұлғаға
айналған Амр ибн Ас, әу баста қатардағы бір құл болып
өмірінің соңына дейін “бас қолбасшы” деген атаққа
ие болған Зәйд ибн Хариса және оның ұлы Усама,
шопандықтан Иран билеушілігіне дейін көтеріліп, атақ-
даңқтың буына семірмей, көптің бірі ретінде қарапайым
қоңырқай ғұмыр кешкен Салмани әл-Фариси сияқты
тұлғалар да Пайғамбардан (с.а.с.) тәлім алып, тарих
тұғырынан орын алды.
Бұл еңбекте тарихи оқиғаларға терең бойлап жат-
паймыз. Адамзат мәдениетінде үлкен төңкеріс жасаған
сахабалардың өмірлеріне жеке-жеке тоқтала отырып,
Ислам дінінің адам өміріне қандай керемет өзгеріс
енгізгендігін көрсетуді мақсат еттік.
Алау Әділбаев,
теология ғылымының докторы