10
Cаңлақ cахабалар
серпіп, күллі ғаламға мәдениет бастауын үйретуші
қаһармандар пайда болды. Бұл – заңды құбылыс. Себебі,
қараңғылық қапасында тұншыға бастаған ғалам рухани
жұттан құтқаратын ғажап нұрға мұқтаж-ды. Адамзат-
ты мейірімімен жаратқан Ұлы Жаратушы пенделер-
ге жол көрсету үшін теңдессіз, асыл тұлға, ғаламның
рақым нұры Мұхаммед Мұстафаны (с.а.с.) қадірлі
елші етіп жіберді. Ғаламның рақым нұры Сүйікті елші
бұзылған елді жөнге салып, оларға өмірдің түп мәнін,
мақсаты мен хикметін үйретті. Әлемдегі толған айдай
толықсыған әсемдік пен жаратылыстағы таңғажайып
құбылыстардың, адам қолымен тұрғызылған салта-
натты сарайдан сан есе көрікті де кең осынау әлемді
өрнектеген өнер иесі, шебер Жаратушы бар екендігін
ұқтыра білді. Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) тек Аллаһқа
иман етіп, құдіретіне бас игенде ғана адамдардың
қараңғылық шырмауынан құтылып, баянды бақытқа
қол жеткізетінін айтты. Ол Ұлы Жаратушы есімін күллі
әлемге паш етті.
Азғындық пен әділетсіздік белең алып, адамдар
шынайы Жаратушысын ұмытып, қолдан жасалған сан-
сыз меңіреу пұттарға табынып кеткенде Соңғы елші
оларды құдіретті Аллаһқа иман келтіруге, тәухид
1
нұрымен сусындауға үндеді.
Жүректе иман нұрының салтанат құрып, Ислам
дінінің төрткүл дүниенің төрт бұрышына таралуында
Мұхаммед Мұстафадағы (с.а.с.) мойымас иман күшінің,
қажымас қайратының, төзімділігі мен сабырының орны
ерекше. Осы тұста Ұлы Жаратушының бұйрықтарын
жүрегімен қабылдап, халықтың иманын құтқару жо-
лында Сүйікті елші хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) еріп,
1
Бір Аллаһқа иман