5
Алғы сөз
Ұлы Жаратушы адамзатты қадірлі қонағы етіп жа-
ратып, жеті қабат әлем-сарайының төрінен орын берген.
Жаратушы Жаббар Ие мұнымен шектелмей, әр дәуірде
арнайы елшілерін жіберген. Қияметке жақын қалғанда,
жалпы адамзатқа ақырғы елші – хазірет Мұхаммед
(с.а.с) пайғамбар келді. Осы соңғы Пайғамбар әкелген
Ислам дінін таратуда жанындағы сенімді серіктері де
үлкен рөл атқарған.
Ендеше, біз Ислам дініне терең бойлап, оны
жақыннан танығымыз келсе, сөзсіз Пайғамбарымызбен
қатар айналасындағы саңлақ сахабалардың да өмір жо-
лын білуге тиіспіз. Жалпы, Ислам дінінің негізгі мақсаты
– көкірегіне иман егумен қатар адамзатты көркем
мінезділікке баулу. Пайғамбардың (с.а.с) мінезін жан
жары Айша анамыз: «Оның мінезі – Құран» деп, дөп
басып айтқан. Ендеше, Құран Хақ тағала уағыздаған
көркем қасиеттер мен мінезді танытса, ақырғы Елші
(с.а.с) соны іс жүзінде көрсетіп, жұмыр басты пенде-
лерге үлгі-өнеге болған. Ақиық саха-балар да Құранды
негізгі қайнар етіп, Аллаһ елшісін іс жүзінде үлгі еткен.
Сол себепті сахабалардың да өмір жолы – кейінгі ұрпақ
үшін қайталанбас өнеге.
Қолдарыңыздағы кітап – сол сахабалардың
өміршең өнегесін бояуы қанық күйінде бүкпесіз таныта
білген бірден-бір салмақты туынды. Шынтуайтына кел-
сек, сахабаның әрқайсысы – жүзден жүйрік, мыңнан–
тұлпар дара жандар. Кітаптың ерекшелігі – солардың
ішінен аты аңызға айналған озықтарын таңдап,
ғибратты ғұмырларынан мысалдар беру арқылы барша