6
Cаңлақ cахабалар
сахабаларға тән негізгі ұстаным «өзгелердің бақыты
үшін өмір сүру» болғандығынжалпақжұртқа қарапайым
тілмен жеткізуі. Мәселен, Әбу Бәкірдің (р.а.) өмірі жай-
лы сөз қозғағанда, оның басты қасиеттері: шыншылдық,
қайырымдылық, жомарттық болғандығын көреміз. Әбу
Бәкірдің мұсылман болған шақта жинаған қырық мың
дирхамын Ислам жолына жұмсау үшін Аллаһ елшісіне
әкеліп беруі – қазіргі қоғам мұсылмандары үшін орны
толмас өнеге. Сахаба Омардың да (р.а.) әділдігі ерек-
ше қырынан бейнеленген. Оның халифа болып тұрған
шағында бір сахабамен дауласып, сотқа барғанда қазы
(би) оны төрге шақырады. Сонда Омардың: «Алдыңа
келген халифа мен қарапайым халықтың кез келген
өкілін тең тұтпайынша, сен бұл орынға лайық бола
алмайсың. Қазы әділ болса халифаның емес, Аллаһтың
бұйрығы мен үкімін орындауы керек” деген сөздері
әділеттілікке бет бұрған қай қоғам үшін берік ұстаным
емес пе?!
Қазіргі таңда біздің қоғам үшін ғылым аса маңызды
десек, ғылымы жоқ халықтың өркениетті ел болуы
дүдәмал. Әсіресе, Ислам ілімін нақты саралап, ғылыми
зерделемеген қоғамда әр түрлі бұрыс бағыттағы
діни ағымдардың пайда болуы кәдік. Сондықтан дәл
қазіргі уақытта Исламдағы ғалым сахабалар жайлы
сөз қозғаудың игі әсер-ықпалы мейлінше зор. Ислам
дінін терең білгісі келген адам сол дін үшін аянбай тер
төккен, тіпті ғазиз жанын құрбан етуден тайсақтамаған
сахабалар өмірімен жете танысқаны жөн.
Таңдаулы сахаба аналарымыздың өмір ұстанымы –
қияметке дейінгі мұсылман әйел заты үшін асқақ өнеге.
Соңғы бөлімде осыны дөп басып таныта білуі – кітап
ерекшелігінің тағы бір қыры.