9
Кіріспе
Ғасырлар қойнауындағы дүбірлі оқиғаларға куә
қарт тарихқа терең үңілсек, адамзат қауымының
бағыты мен бағдарына жол сызған, күллі ғаламды күрт
өзгеріске түсірген маңызды жағдаяттарды көреміз. Сол
оқиғалардың ең бастысы – Ислам дінінің келуі және
оның әлемге таралуы.
Ислам дінінің келуі
қарсаңында Араб түбегіндегі
қоғамдық тыныс-тіршілік жан түршігерлік еді.
Зұлымдық атаулы етек жайып, ішімдік судай сапы-
рылды. Құмар ойындарының неше түрі кең таралып,
жезөкшелік үйреншікті кәсіпке айналды. Тайпалар
арасындағы кек пен қан дауы ғасырлар бойы бір то-
ластамай, өсім (пайыздық өсім) қоғамға жабысқан
дерт болды, қысқасы, мейлінше рухани азғындаған
адамзатқа жаһилияның (қараңғылық дәуірдің) үкімі
жүрді.
Дәл осы тұстағы адам жанын түршіктіретін
сұмдық – отбасында қыз баланың дүниеге келуі ар са-
налып, бейкүнә сәбилердің тірідей топыраққа көмілуі.
Өкінішке орай, бұл да араб қоғамын іштен ірітті.
Шімірікпестен адам қанын ағызуды әдетке
айналдырған мейірімсіз қоғам Исламның келуімен
аз уақыт ішінде адамзат тарихында өркениет
пен мәдениеттің ошағына айналды. Бір кездегі
қаныпезерлікте алдына жан салмайтындар құрт-
құмырсқаны өлтіріп алмау үшін әрбір қадамын аңдап
басып, аяқтарына қоңырау тағып жүретін тақуа
дәрежеге жетті. Адами қасиеттер аяққа тапталып,
азғындық шегіне жеткен тұста пендешіліктің пердесін