14
Cаңлақ cахабалар
Меккеден Мәдинаға туған жер, бала-шаға, шаруа-
кәсіптерін Аллаһ үшін тастап көшкен әзиз жандар.
Олар – Исламның кең таралуы жолында үлкен қызмет
атқарып, өшпес із қалдырған, Аллаһтың разылығына
және Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүйіспеншілігіне ие
болған ардақтылар.
Мекке азат етілгеннен кейін һижрет ету біржолата
тыйылса да, алғашқы мұһажирлердің даңқымен,
мәртебесі мәңгі сақталып қалды. Мұһажирлік дәреже
– ең жоғарғы дәрежелердің бірі болды. Құранда
мұһажирлер жайында былай делінеді:
“Сонда олардың Раббылары тілектерін қабыл
етті: “Шын мәнінде Мен сендерден еркек, әйел
амал етушілердің амалдарын зая етпеймін. Және
сондай босқындардың (мұһажирлер), жұрттарынан
құрылғандардың және Менің жолымда жапа
шеккендердің, соғысқандардың, өлтірілгендердің
жамандықтарын жасырамын. Сондай-ақ бұл
істерінің сыйы ретінде оларды астынан өзендер
ағатын Жәннаттарға кіргіземін. Әрине, сыйдың ең
жақсысы Аллаһтың қасында”
(Әли-Имран, 195).
Ансар:
Ансардың
с
өздік мағынасы – жәрдем ету.
Терминдік мағынасы – Ислам дінінің дәстүрлеріне сай
өмір сүріп, оны таратуға Меккеден Мәдинаға көшкен
Пайғамбарымыз бен мұһажирлерді ыстық ықыласпен
құшақ жайып, құрақ ұшып қарсы алған, оларды
өздерінің күйбең тіршіліктерінен де жоғары қойып,
барын солармен бөлісіп, қолынан келген жәрдемдерін
аямай, мұһажирлермен бауыр болып, бауырлары
үшін қилы-қилы қиындықтарға төзуге разышылығын
білдірген сахабалар.