Previous Page  18 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 18 / 336 Next Page
Page Background

18

Cаңлақ cахабалар

4. «Бірінші Ақаба сертіне» қатысып, Пайғамбары-

мызды (с.а.с.) көрген, иман келтірген және серт беріп,

қол алысқан ансардың алғашқылары.

5. «Екінші Ақаба сертінде» Пайғамбарымызбен

(с.а.с.) кездесіп, өмірінің соңдарына дейін оны қорғап-

қолдауға сөз берген мұсылмандар. Олардың көпшілігі

ансар еді.

6. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаға бармай тұрып

Құбаға келгенінде, оған (с.а.с.) келіп қосылған алғашқы

мұһажирлер.

7. Бәдір шайқасына қатысқандар.

8. Бәдір шайқасы мен Худайбия оқиғаларының

тұсында һижрет жасағандар.

9. Ридуан сертіне қатысқандар. Худайбияда

ағаштың астында Пайғамбарымызға ант бергендер.

Құранда олар жайлы: “Шынында Аллаһ ағаш астын-

да саған серт берген мүминдерге разы болды” делінсе,

Пайғамбарымыз “сендер бүгін жер бетіндегі ең қайырлы

жандарсыңдар”,– деген.

10. Худайбия келісімі мен Меккенің алынуы ара-

сындағы уақытта һижрет еткен сахабалар. Бұлардың

арасында Халид ибн Уәлид, Амр ибн Ас және Әбу

Һурәйра сияқты белгілі сахабалар бар.

11. Мекке алынған кезде және одан кейін мұсылман

болғандар.

12. Пайғамбарымызды Меккенің алынуы кезінде

және қоштасу қажылығында көрген жас балалар

7

.

Кейбір жау жағадан алған сын сағаттардағы тозаң-

ның түйіршігіндей жауапты іс жайшылықтағы таудай

7

Хаким, Мағрифату улумиль-хадис, 22-24.