Previous Page  24 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 24 / 336 Next Page
Page Background

24

Cаңлақ cахабалар

кек ұялатпа! Раббымыз, шүбәсіз Сен тым жұмсақ,

ерекше мейірімдісің”

дейді”

(Хашыр, 9-10)

12

.

Міне, мұһажирлер мен ансарлардың адамды тәнті

қылып, өзгелерге үлгі боларлық шынайы достықтары!

Сахабалардың батырлығы мен өжеттілігі жайлы:

“Оларға адамдар: - Дұшпандарыңыз сіздерге

қарсы қол жинады, қорқыңдар! - дегенде, бұл сөз

керісінше олардың имандарын күшейте түсті де:

- Аллаһ бізге жетіп асады. Ол нендей жақсы дос”

деді”

(Әли Имран, 173).

Бұл аяттар сахабаның Аллаһ тағаланың назарын-

да қаншалықты құрметті екендігін көрсетумен қатар,

кейінгі нәсілге солардың жолымен жүріп, Исламның

әмірлеріне сахабалар сияқты мойынсұнып, сол жолдың

ыстығына күйіп, суығына тоңудың маңыздылығын

көрсетеді.

13

Сахабалар жайлы хадистер

Ислам дінін жаю үшін машақатқа толы қиын жолда

өзіне серік болып, бүкіл тауқыметті арқалаған саңлақ

сахабалар жайлы пайғамбарымыз хазірет Мұхаммедтің

(с.а.с.) хадистері көп. Қиыншылықтарға қарамастан, бұл

жолда соңына дейін Аллаһ расулымен бірге болуға сөз

беріп, уәделерінде тұрған адал достары жайлы Аллаһ

елшісінің (с.а.с.) мақтан тұтар сөздері қалайша көп

болмасын?! Кішкене жақсылықтың өзін елеп-ескеріп

жадынан еш шығармаған Ардақты елшінің (с.а.с.) сын

12

Бухари, Тафсир, 59, 6.

13

Сахабаларға байланысты бұлардан басқа мына аяттарды да

қараңыз: Тәубә, 20; Бақара, 218; Хашыр, 9; Әнфал, 74, т.б.