28
Cаңлақ cахабалар
көрсетуші Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с.) көз алдында
болуы олардың бойындағы құлшынысты (динамизмді)
үнемі жоғары деңгейде ұстады.
Сахабаларға тән бұл өмірдегі ең ұлы арман
– Аллаһтың разылығына ие болу. Олар өз өмірін
“Аллаһтың разылығына қалай қол жеткіземіз?” деген
асыл да асқақмұраттың төңірегінде өріп өрбітті. Бүкіл іс-
әрекеттері, сұхбаттары, ниеттерінің бәрі осы мақсаттың
төңірегінде тоғысты. Тіпті бір-біріне жолыққан кезде
“кел, отырып біраз иманымызды арттырайық”
18
– дейтін.
Адамның екі дүниеде де бақытты болуына мұрындық
болуы арқылы Аллаһтың разышылығына кенелуге
болатындығын Пайғамбардан (с.а.с.) үйренген олар
бүкіл өмірін жақсылық жолындағы қызу жарыспен
өткізді.
Сахаба үшін бұл дүниедегі бақыт – ақыреттегі
бақытқа жетудің баспалдағы ғана. Олар бұл дүниенің
бүкіл қызықшылығы мен өткінші ләззаттарына еш ал-
данбады. Исламның кез келген мәселесін дүниенің ең
үлкен пайдасына айырбастамай, түрлі қауіп-қатер мен
қиыншылықтарға қарамастан, иман мен тура жолдан еш
ауытқымаған сахабаның мәртебесі, әрине, аса жоғары.
Бұл жайлы жәннатпен сүйіншіленген он сахабаның бірі
Саид ибн Зәйд былай дейді:
“Бір адамның Расулаллаһтың ғұмыр кешкен
кезеңінде өмір сүріп, жиһадқа қатысуы, сіздердің
араларыңыздағы біреудің Нұхтың (а.с.) өміріндей
ғұмыр кешіп, сол уақыт ішінде жасаған ізгі істерінің
бәрінен жақсы”
19
.
18
Бухари, Иман, 1.
19
әл-Исаба, 1:10