Previous Page  27 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 27 / 336 Next Page
Page Background

27

Сахабалар жайлы жалпы мәлімет

құлшылығы, мінез-құлқының көркемдігі, өмірінің бүкіл

кезеңі сахабалардың көрсеткен қайратының арқасында

кейінгі ұрпаққа мәңгілік мұра болып қалды.

Олар Пайғамбарымыздан (с.а.с.) естіген, көрген-

дерінің бәрін үмбетіне жеткізу үшін көп еңбек сіңірді.

Сахабалардың арасында аяқтыға жол, ауыздыға сөз

бермес шешен, ділмәр кісілер де бар болатын. Осыған

қарамастан олар асыл сөздің Зергері (с.а.с.) сөйлегенде,

зейін қойып тыңдап, айтқанына мойынсұнатындық-

тары соншалық “оның құзырында басымызға құс

қонақтағандай аса сақтық танытып, әрбір сөзіне мұқият

ден қоятынбыз”

17

,– дейді олар.

Сахабалар Рахман көгінен жауған мейірім нұрына

шомылып, иләһи құдіреттің көз тоймас, ақылға сыймас

хикметтерін жан-тәнімен бойларына сіңіріп, кемеңгер

Тәрбиешінің (с.а.с.) өз қолында тәрбиеленді.

Оған қоса, намазға шақыру үшін бір күні Ұлы

Жаратушының жаршысы болған азанның илхам болуы,

тағы бір күні ішкілік пен құмардың харам етілуі, басқа

бір күні Аллаһтың әмір-тыйымдарының хикметтерінің

түсіндірілуі мен үйретілуі олардың рухына қанат

бітіріп, үнемі биіктерге шақыратын.

Сахабалар өмірдегі түрлі жағдайларға байланысты

түсірілген Құран аяттарына қашанда куә болғандықтан,

бұлқына бұғау үзіп, буырқанған ғұмыр кешті.

Сахабалардың көз алдында Аллаһтан тікелей әмірлер

алып, оларды бойына сіңіріп, адамзатқа сол ақиқаттарды

паш еткен Аллаһ елшісі (с.а.с.) тұрды. Сахабалардың

санасы мен жүрегіне иман нұрын себелеп, хақ жолын

17

Бухари, Жихад, 37;Әбу Дәуіт, ас-сунән. Иххяус-суннәтин-

нәбәуиия, Тыбб, 1.