Previous Page  26 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 26 / 336 Next Page
Page Background

26

Cаңлақ cахабалар

бізден емес”, “бір адамның көңілін қалдыру, Қағбаны

жыққанмен тең, зыммиге (мұсылмандардың басқаруын

өз еркімен қабылдаған, бірақ мұсылман болмаған өзге

діндегі) зәбір көрсетсе, маған зәбір көрсеткендей”,

“Аллаһтың алдында бүкіл адамдар тең” (ұлтына, жы-

нысына, түсіне, қоғамдық жағдайына қарамастан) яғни,

қоғамдық өмірдің барлық саласында Исламның басты

ұстанымдарын жасампаз дәстүрге айналдырған сахаба-

лар тарихта теңдессіз із қалдырды. Әділетті төрт халифа

дәуірінде “қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман”

орнауы, хазірет Омардың халифалығы тұсында халық

тұрмысының көтеріліп, садақа берерлік адам қалмауы –

олардың Ислам ұстанымдарын жетік меңгергендігінің

айғағы.

Сахабалар ел басқаруды мақтаныш емес, керісінше,

жауапкершілігі өте жоғары, міндеті тым ауыр іс

деп қабылдады. Ақыретте сол жауапкершілігі үшін

сұралатынын білгендіктен басшылыққа ұмтылмады.

Айталық, Омар ибн Хаттаб баласын өзінен кейін хали-

фа етіп тағайындауға үзілді-кесілді қарсы шығып, “бір

үйден бір құрбандық жетер” деуі сөзіміздің дәлелі.

Сахабалар дәуірі – жер бетінің Рахман нұрына

шомылған шағы. Аллаһ тарапынан түсірілген ақиқат-

тарға (Құранның түсірілуіне) куәлік етіп, Жаратушы-

ның әмірлері мен тыйымдарын өмірмен үйлестіріп,

өміршең дәстүрге айналдыру үшін “әлемдерге рақым”

етіп жіберілен Сүйікті елшінің (с.а.с.) ғұмыры олардың

көз алдындаөтіпжатты.Пайғамбарымыздыңуахитүскен

кездегі халі, Құран аяттарының түсу себептері, әрбір

аяттың астарындағы Жаратушының мұратын дұрыс

түсіне білу, сондай-ақ Пайғамбарымыздың жеке өмірі,