31
II БӨЛІМ
ЖӘННАТПЕН СҮЙІНШІЛЕНГЕН
ОН САХАБА
Ашарату мубашшара
“Мына он кісі Жәннатқа кіреді: Әбу Бәкір, Омар,
Осман, Әли, Зүбәйр ибн Әууәм, Талха ибн Ұбайдуллаһ,
Сағд ибн Әбу Уаққас, Әбу Ұбайда ибн Жаррах, Абдур-
рахман ибн Ауф және Саид ибн Зәйд (р.а.)”.
(Хадис)
Көз тірісінде Жәннатпен сүйіншіленген осы он
кісіден бөлек басқалар да бар. Алайда есімдері бірге
аталған сахабалар осылар. Аттары аталмаған басқа са-
хабалар Жәннатқа кірмейді деген сөз емес. Өйткені,
сахабаларға Аллаһ тағала разы екендігін білдіретін
Құранда көптеген аяттар бар
20
. Демек, Аллаһ тағала
разы болған құлдарын Жәннатқа кіргізері сөзсіз.
Алайда, жоғарыда атап кеткендей, олардың арасы-
нан да дәрежелері әр түрлі сахабалар ұшырасады. Бұл
сахабалардың көз тірісінде Жәннатпен сүйіншіленуінің
өзіндік бірнеше себебі бар:
Кей уақытта жасалған істің басқа кезде жасал-
ған істерден артықшылығы болады. Бұл сахаба-
20
Қараңыз: (Мәида, 119; Тәуба, 110; Фәтх, 118; Мужәдәлә, 22;
Бәййінә, 8)