Previous Page  32 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 32 / 336 Next Page
Page Background

32

Cаңлақ cахабалар

лар Исламның алғашқы қиын-қыстау кезеңінде

мұсылмандықты қабылдады.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Меккеде Исламды

уағыздай бастаған алғашқы кезде (өзгелердің теріс ай-

налғандарына қарамастан), олар Құранның әмірлеріне

құлай сеніп, мойынсұнды. Қауіп-қатерге толы сол

күндері көзсіз ержүректілік танытқандар болмаса,

мұсылман болуға кез келгеннің батылы бара бермейтін.

Хазірет Әбу Бәкір: “Басымызды өлімге тікпейінше

сыртқа шығуға да, бір жерге кіруге де жүрексінетінбіз”,–

деуі арқылы сол күндердің көз көрген қиыншылығын

тілге тиек еткен.

Бұлардың ешқайсысы алған бетінен қайтпай,

Әлемдердің Рақым Нұрының (с.а.с.) жан серіктері бо-

лып, Исламды шынайы көңілмен қабылдап, өмірлерінің

соңына дейін қасиетті жолдан бас тартпады.

Олардың барлығы Аллаһ тағала тарапынан әмір

түскен кезде бала-шаға, мал-мүліктен айрылып қалу

қаупіне қарамастан, қиындыққа көз жұмып, тәуекелге

бел байлап һижрет етті. Бұлардың арасында шетелдер-

мен қатынасып саудамен айналысарлықтай аса бай Аб-

дуррахман ибн Ауфтың бәрін тастап Мәдинаға көшіп

келгенінде, өмірін қайта бастауына тура келгендігін

айта кету керек. Демек, олар бір ғана мақсатты көздеді:

тек қана Аллаһтың разылығына бөлену.

Жәннатпен сүйіншіленген бұл он кісінің ортақ

ерекшеліктерінің бірі – ел тізгінін ұстай алатын

парасаттылықты иеленуі. Әу бастағы төрт халифаның

өмірі бұған дәлел. Хазірет Пайғамбардың “Үмбетімнің

сенімдісі” деген марапатына ие болған Әбу Ұбайданың

бойында әйгілі қолбасшы Халидті он орап аларлық

парасаттылық бар еді. Міне, осындай қабілеттеріне,