22
Cаңлақ cахабалар
Аллаһ тағаланың олардан разы болғандығы жайлы
мына аяттарда былайша баяндалады:
“Мұһажир, ансарлардан алғашқы иман келтір-
гендер және жақсылықта соларға ергендерге Аллаһ
разы, олар да Аллаһқа разы болды. Аллаһ олар үшін
мәңгі тұрақтайтын, астарынан өзендер ағатын
Жәннаттар дайындады. Міне, нағыз үлкен бақыт,
үлкен жетістік осы”
(Тәубе, 100).
Бұл жердегі мұһажирлер мен ансар Аллаһты разы
етерлік қандай әрекет жасаған еді? Әуелі, мұһажирлер
үй-жай, бала-шаға мен бүкіл Меккедегі байлықтары
мен сауда істерін Аллаһтың діні үшін тәрк етіп
Мәдинаға көшті. Ал, ансарлар оларды құшақ жая
қарсы алып, барын солармен бөлісіп, құтты қонақ
етті. Мысалы, Меккеден келген Абдуррахман ибн
Ауфпен бауырластырылған
10
Сағд ибн Раби бауыры-
на үйінің есігін айқара ашып, бүкіл нәрсесін тең бөліп
беруге ырзалық білдірді. Алайда Меккеде саудаға
машықтанған дәулетті сахаба Абдуррахман ибн Ауф
оған рақметін жаудырып, оларға масыл болмау үшін
“базардың жолын көрсет” деп арқанын асынған күйі
жүк тасып күн көруге шыққан еді
11
.
Осылайша сахабалар шынайы бауырластықтың
үлгісін көрсетті. Дәустен көшіп келіп мұсылмандықты
қабылдаған, Аллаһ расулының хадистерін кейінгі
ұрпаққа жеткізуді мұрат еткен Әбу Һурәйра (р.а.)
күндіз ораза ұстап, түнде намаз оқып, таң атқаннан қас
10
Пайғамбарымыз Мәдинаға көшіп барғаннан кейін муха-
жирлер мен ансарларды жағдайларына қарай бір-бірімен
бауырластырды.
11
Бухари, Бую´, 1,49.