20
Cаңлақ cахабалар
Сахабалардың жалпы саны
Пайғамбарымыз көз жұмған уақыттағы сахабалар-
дың жалпы саны жайлы нақты мәлімет жоқ десек те,
Ислам тарихына байланысты жазылған классикалық
кейбір еңбектерде жүз мың сахабаның болғандығы
айтылған. Мысалы, қоштасу қажылығына 40 мың,
Тәбук жорығына 70 мың сахабаның қатысқандығы
жайлы Ислам тарихына байланысты шығармаларда
мәліметтер бар. Имам Шафи‘и Пайғамбарымызды
(с.а.с.) көріп, одан хадис риуаят еткен сахаба санының
60 мың болғандығын айтады. Меккені алғанға дейін
қайтыс болған сахабалардан өзге, Меккенің алынуы
кезінде сахабалар алыс жақтарға тарап кеткендіктен
олардың есімдерінің көбі кейінгі ұрпаққа жетпеген.
Сахаба есімдерін шығармасында ең көп көрсеткен
ғалым – Ибн Хажар. Ол “Исаба” атты еңбегінде 11 783
сахабаның атын атайды
9
.
Сахабалар жайында жазылған негізгі
шығармалар:
1. Ибн Са‘д (168-230),
Табақатул-кубра.
2. Әбу Ну‘айм әл-Исбахани (330-403),
Хилятул-
Әулия.
3. Әбу Омар ибн Абдулбарр (368-463),
әл-Исти‘аб
фи ма‘рифатиль-асхаб.
4. Иззуддин ибн әл-Асир (555-630),
Усд-ул-ғаба фи
ма‘рифатил-асхаб.
9
И. Атасой, М. Паксу,Сахабилер ансиклопедиси, Иени Асия,
Истанбул, 1993, 1:19.