23
Сахабалар жайлы жалпы мәлімет
қарайғанша аш жүретін. Бұндай күндері тіпті жиі бо-
латын.
Бірде Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп бірнеше
күннен бері аш құрсақ жүргенін айтады. Осы тұста
өзінің ең жақсы көретін құрма бағын Аллаһ жолын-
да бағыштаған Әбу Талха келіп, үйінде бойға қуат
боларлықтай азық болмаса да, хазірет Әбу Һурәйраны
үйіне қонақ етті. Әбу Талха әйеліне: “Балаларды ер-
терек жатқыз. Не бар болса бәрін дастарханға әкел.
Шамды білмеген болып өшіріп ал. Қараңғыда кімнің
жегені, кімнің жемегені белгілі бола қоймас. Мен де
қасығымды қолыма ұстап астан жегендей болып оты-
райын. Әйтеуір қонағымызды аш түнетпейік”,– дейді.
Әйелі күйеуінің айтқанын орындап, ештеңеден хабарсыз
Әбу Һурәйра осылайша қарнын тойдырады. Ертесіне
екеуі таң намазын оқуға мешітке барып, Аллаһ елшісіне
(с.а.с.) ұйып, намаздарын оқиды. Намазды бітірген соң
Пайғамбарымыз бұрылып, күлімсіреп “Аллаһ тағала
мына аятты түсіретіндей бұл түнде не істедіңдер?”, –
деп төмендегі аятты оқиды:
“
Бұлардан бұрын Мәдинаға қоныстанып
жүректеріне иман ұялатқандар қастарына көшіп
келіп қоныстаған дін бауырларын сүйеді, оларға
берілген нәрселерге көңілдерінде кірбің болмайды.
Сондай-ақ өздері таршылықта бола тұра олар-
ды өздерінен артық көреді. Кімде-кім нәпсісінің
қалауы мен құмартуларынан аса алса, солар нағыз
құтылушылар. Олардан кейін келгендер: “Ей, Раббы-
мыз, бізді және бізден бұрын иман еткен бауырлары-
мызды кешіре гөр! Иман келтіргендерге жүрегімізде