Previous Page  40 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 40 / 336 Next Page
Page Background

40

Cаңлақ cахабалар

Өйткені, жақын досы Мұхаммедтің (с.а.с.) жалған

сөйлемейтінін ол жақсы білетін. Осы қасиеті үшін де

оған дүйім жұрт: “Мухаммадүл-әмин”, яғни “сенімді

Мұхаммед” деген жоқ па еді?!

Әбу Бәкірдің жүрегі қуаныштан аттай тулап,

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қасынан бір-ақ табы-

лады. Пайғамбарымыз оны нұр тұнған көздерімен

күлім қағып қарсы алады. Өйткені, Әбу Бәкірдің өзін

қолдайтындығына толық сенетін.

– Уа, Әбу Қасым, пайғамбарлығыңды жария

еткенің рас па? – дейді оған Әбу Бәкір келген бойда

сұрақты төтесінен қойып.

– Иә, Әбу Бәкір. Мен – саған және күллі адамзатқа

Әлемдердің Раббысының жіберген елшісімін. Халықты

бір Аллаһқа ғана иман етуге, пұттарға табынудан бас

тартуға шақырамын.

Әбу Бәкір бұл шақыруға еш кідірместен:

– Мен куәлік етемін, ей, Мұхаммед, сен Аллаһтың

елшісісің! – деп алғаш иман еткендердің қатарына

қосылу бақытына ие болды.

Әбу Бәкірдей бір қауым елге сөзі өтімді беделді

кісінің мұсылманшылықты қабылдауы, хазірет Айша

(р.а.) анамыздың айтуынша, Пайғамбарымызды (с.а.с.)

ең қатты қуантқан оқиғалардың бірі болды.

Бұл жайлы Пайғамбарымыз бір хадисінде:

– Исламға шақырған кезімде, Әбу Бәкірден

басқа да сәл тосырқау мен күмән болды. Бірақ Әбу

Бәкірге Исламды түсіндіргенімде еш күдіктенбестен,

кідірместен иман келтірді, – деп оның осы жақсы

қасиетін айтқан

23

.

23

Ибн Кәсир, ал-Бидаия уән-нихая, Бейрут, 1978, 3:30; Ибн

Хишам, Сиратун-нәби, Бейрут,1:129.