46
Cаңлақ cахабалар
бын жанының кеудесінен ұшып кетуінен үрейленетін
қорқақ адамдардың мұны түсінуі, әрине, оңай емес.
Ардақты елші (с.а.с.) сол түні өзінің төсегінде
Әлиді қалдырып, Әбу Бәкір екеуі ел көзінен жасыры-
нып жолға шықты. Олар Сәур тауына қарай бет алды.
Әбу Бәкірдің көңілі толқып Адамзаттың ардақтысына
(с.а.с.) зиян келмесін деп қобалжыды. Мүшріктердің
оларды байқап іздеріне түсуі мүмкін еді. Ол өзін
мүлдем ұмытып, тек қана Пайғамбарымызды (с.а.с.)
ойлаумен болды. Ардақты елшінің алдын орағытып,
артынан түсіп, оңына бір, солына бір шығып, кенеттен
келуі мүмкін қатерге қарсы қорған болуға тырысты.
Олар түннің бір уақытында Сәур тауындағы
ішіне адам кірмеген үңгірге келіп жетті. Оның іші
құрт-құмырсқа, жылан мен шаянға толы еді. Үңгірге
бірінші Әбу Бәкір кіріп, айналаны тексеріп, киімінің
құрақтарымен тесіктерді бітеп шықты. Құрақ
жетпегендіктен бір тесікті аяғымен бітеді. Аллаһтың
елшісі келіп оның қасына отырды. Ардақты елші (с.а.с.)
көз шырымын алмақшы болып, оның тізесіне басын
қойып, мызғып кетті. Қас қылғандай Әбу Бәкірдің
тесікті бітеген аяғы жанын көзіне көрсетіп удай аши-
ды. Ауру жанына батса да Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
ұйқысын бұзып алудан қорқып, орнынан тырп етпеді.
Бірақ, дызылдаған аяғы шыдатпай, еріксіз көзінен жас
ыршып кетті. Нұрлы жүзіне тамған ыстық көз жасынан
оянып кеткен Аллаһтың Ардақты елшісі (с.а.с.):
– Саған не болды, ей, Әбу Бәкір? – деді.
– Әке-шешем сенің жолыңда құрбан болсын, ей,
Расулаллаһ! Аяғымды бір нәрсе шақты, – деді даусы
қынжыла шығып
26
.
26
Ибн Әсир, әл-Кәмил фит-тарих, ауд. М. Бешир, Ерярсой,
Истанбул, 1985, 2:419-420.