Previous Page  45 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 45 / 336 Next Page
Page Background

45

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс болғанға дейін еш

үзілмеді. Соғыс алаңдарында, һижретте де үнемі бірге

жүрді. Қызы хазірет Айшаны (р.а.) Пайғамбарымызға

(с.а.с.) некелестіру арқылы жақындық байланыстары

туыстыққа ұласып, күшейе түсті.

Күн озған сайын Меккеде мұсылмандардың

қатары көбейіп жатты. Мүшріктердің оларға жапа

көрсетулері де күннен-күнге арта түсті. Өмірлері мен

діндерін сақтап қалу үшін мұсылмандардың ішінен бір

топ Эфиопияға һижретке Пайғамбарымыздан (с.а.с.)

рұқсат алды. Қалғандары иләһи әмір келгеннен кейін

Мәдинаға һижрет етті. Пайғамбарымыздың (с.а.с.)

һижрет етуіне әлі рұқсат келмеген-ді. Қасынан бір елі

айрылмаған шынайы дос Әбу Бәкір өзі жайлы сұраған

кезде Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған: “Уа, Әбу Бәкір,

асықпа. Бәлкім Аллаһ саған да бір һижрет серігін нәсіп

етер”, – деді. Әбу Бәкір һижретте Пайғамбарымызбен

(с.а.с.) бірге болатынын түсінді. Өйткені Меккеде Әли,

Әбу Бәкір және Пайғамбарымыздан (с.а.с.) басқа ешкім

қалмаған еді.

Алайда мүшріктер мұсылмандардың һижрет ет-

кендерін де көре алмады. Олар Пайғамбарымызды

(с.а.с.) уыстан шығарып алғысы келмей, бірден жина-

лып, Аллаһ елшісін (с.а.с.) өлтіруді ұйғарды.

Бірақ, Аллаһ Сүйіктісіне (с.а.с.) Жәбрейіл арқылы

хабар беріп, сол түні һижрет етуіне әмір берді. Сол түні

һижреттегі жан серігі ӘбуБәкір болды. ОлПайғамбарлар

падишасымен (с.а.с.) бірге һижрет ететінін естігенде,

қуаныштан көз жасын төкті. Өліммен ұласуы мүмкін

қатерлі сапарға шығатынын естігенде, қуаныштан

көз жасын төгу не деген жанкештілік десеңізші! Шы-