Previous Page  43 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 43 / 336 Next Page
Page Background

43

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

Бәкірдің туыстары көмекке келіп, оны өлім аузынын

әзер алып қалды.

Өлімші халден есін жиған Әбу Бәкірдің ең

алғашқы сұрағы: “Расулаллаһтан хабар бар ма?”, –

болды. Есінің кіресілі-шығасылы жатқанын елемей,

Пайғамбарымызды (с.а.с.) уайымдап, “Оған не болды?”,

– деп сұрай берді. Анасының: “Балам, бір нәрсе ішіп-

жейсің бе?”, – деген сұрағына: “Аллаһтың Елшісі қайда?

Оныңжағдайынешік?”, – деп көңілі жай таппады. Анасы

хабары жоқтығын айтқан кезде,: “Анашым, Хаттабқызы

Үмму Жамилге барып, Расулаллаһтың жағдайының

қандай екенін сұратыңызшы”, – деді. Расулаллаһтың

жағдайының жақсы екендігін айтып келген хабарға да

көңілі толмай, оның жағдайын өз көзімен көргісі келіп

тағаты таусылды. Айнала біраз тынышталғаннан кейін

қасындағылар Әбу Бәкірді қолтықтап, Әрқамның үйіне

алып барады. Пайғамбарымызды (с.а.с.) өз көзімен

көрген кезде: “Әке-шешем сенің жолыңда құрбан

болсын, ей, Расулаллаһ!”,– деп ебіл-дебілі шығады.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны құшақтады. Оның бұл халі

Аллаһ елшісіне (с.а.с.) әсер етіп, көздерінен мөлдір жас

моншақтай төгілді

24

.

Адамзаттың ардақтысы (с.а.с.) бір түніЖәбрейілмен

бірге Меккеден Ақса мешітіне, ол жерден Аллаһтың

құдіретімен басқа ұлы әлемдерге көтеріліп миғражға

шықты және сол түні қайта оралды. Ертеңінде бұл

мұғжизаны айтып мүшріктерге хабар берді. Мүшріктер

бұған сенбеді. Тіпті, кейбір мұсылмандардың өзіне

де бұл мұғжизаны мойындау ауыр соқты. Олар Әбу

Бәкірден:

24

әл-Бидая, 3:30