39
Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
келгендігі туралы хабарды естіп, толқу үстінде бола-
тын. Өз кітаптарынан жаңа пайғамбардың келетінін
оқыса да, кейбір яһудилер мен христиандардың
өздеріне де бұл хабар тосын естіліп аң-таң болып жат-
са, мүшріктер:
”Ішіміздегі ешкімі жоқ жетімекке пайғамбарлық
қалай келмек? Пайғамбарлық келер болса руымыздың
ішіндегі беделді біреуге келуі керек емес пе еді?”–
деп бұлқан-талқан боп, алатайдай бүлінеді. Олар,
әсіресе, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өздері “тәңір” деп
табынған пұттарының еш дәрменсіз екендігін айтқанын
көңілдеріне қондыра алмай, оған наразылық танытып,
қарсылық көрсетумен болды.
Йеменде жүрген Әбу Бәкір бұл соңғы жаңалықтан
мүлдем хабарсыз еді. Меккеге оралған кезде, оны Әбу
Жәһил,ҰтбаибнМуайт сияқтықаланыңбетке ұстарлары
ортаға алады. Олар Әбу Бәкірдің Мұхаммедке (с.а.с.)
жақын дос екенін жақсы білетін. Әбу Бәкір болмағанда,
олар Пайғамбарымыздың әрекетіне (с.а.с.) әлдеқашан
тосқауыл қоймақшы еді. Әбу Бәкір оларға:
– Жайшылық па? Жаңалық бар ма? Мен жоқ кезде
әлде бір нәрсе болды ма? – деді.
– Иә, маңызды жаңалық бар. Ел ішінде үлкен бүлік
шықты. Әбу Тәліптің жетімегі аталарымыздың дініне
тіл тигізіп, өзіне пайғамбарлық келгенін айтуда, – деп
тегіс жамырасты.
– Бұны өзі айтты ма?
– Иә, өзі айтуда және біздің табынатын пұт-
тарымызға үнемі тіл тигізуде.
– Егер бұны өзі айтқан болса, онда оныкі – рас!
Әбу Бәкір бұл хабарды оның өз аузынан естігісі
келіп, сол бетте Пайғамбарымыздың үйіне бет алды.