55
Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
Бұл жауапкершілігі мол халифалық істің қиындығы
жайлы Әбу Бәкірдің қызы – Айша анамыз (р.а.) былай
дейді:
“Бұл міндет – тауға жүктелер болса, оны тас-талқан
етерліктей ауыр міндет. Бірақ Әбу Бәкір бұл міндетті
Аллаһтың қолдауы мен мұсылмандардың жәрдемінің
арқасында ең жақсы түрде атқарды. Халифа болып
тұрған кезеңінде Құран мен хадисте ашық бір дәлел
табылмаған мәселелерді сахабалармен кеңесіп, келісіп
шешетін”.
Хазірет Әбу Бәкір біреуге жауапкершілігі мол
істі жүктеген кезде, сол адамның қабілетіне қарап
лайықтыларын қапысыз таңдап тағайындай алатын
кемеңгер басшы еді. Мысалы, оның қаржы істеріне
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) “Үмбеттің сенімдісі” деп
атаған Әбу Ұбайда ибн Жаррахты, құқық істеріне
әділеттің үлгісі – Омар Фаруқты, жазу және тіркеу
істеріне уахиді жазып алушылардан Зәйд ибн Сәбитті
тағайындауы бұған айғақ бола алады.
Ол әкімдер мен әскер басшыларына үнемі жазба-
ша түрде кеңес беріп тұратын. Осындай кеңестерінің
бірі Икримаға (р.а.) жіберген мына хатында көрініс
тапқан:
“Істеймін деп уәде берген ісіңді істе. Сөз берсең,
оны орында. Ескерту жасаудан қорықпа. Бірақ бұны
істегенде нені айтып, нені айтпау керектігін абайла.
Кінәліге кінәсінен артық жаза берме. Жазаға лайық
болған адамның жазасын беруді кешіктірме”.
Әбу Бәкірдің қарапайымдылығы, кішіпейілдігі мен
әділдігі халифа болып тағайындалғаннан кейін де бір
мысқал өзгермеді. Ол өз күнін өзі көріп, отбасының
нәпақасын өз маңдай терімен табудың жолдарын ойлап,