61
Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
жиһад есігінен, көп садақа бергендер – садақа есігінен,
ораза ұстағандар – Райян есігінен шақырылады”.
Осы кезде Әбу Бәкір әс-Сыддық та сол жерде еді.
“Әке-шешем жолыңда құрбан болсын, ей, Аллаһтың
елшісі! Бір адамның бұл есіктердің бәрінен бірдей
шақырылуы мүмкін бе?” – деді. Пайғамбарымыз
(с.а.с.):
– Иә, мүмкін. Сенің, міне, осындай
шақырылғандардың бірі болатыныңа үміт етемін, –
деді
36
.
Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) мешітте отырған
кезінде Әбу Бәкір мен Омар ішке кірді. Расулаллаһ
оларды көріп:
– Мені сіздермен қуаттандырған Аллаһқа мадақ!–
деді
37
.
Пайғамбарымыздан:
– Ей, Расулаллаһ, адамдардың ішінде сізге ең
сүйікті болған кім? – деп сұрағанда Пайғамбарымыз
(с.а.с.) :
– Айша, – деді.
– Еркектерден кімді атар едіңіз? – дегенде, – Оның
әкесін, – деп жауап берген
38
.
Хазірет Әбу Бәкір халифа болған кезінде өзіне
берілген “халифатуллаһ” (Аллаһтың халифасы) деген
атақты алмай “халифату Расулиллаһ” (Расулаллаһтың
халифасы) атаудыжөн көрген. Жәһилия дәуірінің өзінде
тайпалар арасындағы дау-дамайды шебер шеше білетін
беделді, мәдениеті жоғары Әбу Бәкір шежіре ілімін
жақсы біліп, сол дәуірдің бүкіл жаман қасиеттерінен
36
Муслим, Зекет:86; Тирмизи, Манакыб:16.
37
Хаким, Мустадрак, Бейрут, 3/74.
38
Муслим, Фадаилус-сахаба, 8; Ибн Мажа, Муқаддима, 101.