Previous Page  66 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 66 / 336 Next Page
Page Background

66

Cаңлақ cахабалар

ге сұлатып салады. Күйеуіне болысқан қарындасын

да қалпақтай ұшырып түсірді. Бұған одан әрі шыдай

алмаған олар:

– Иә, мұсылман болдық. Аллаһқа және елшісіне

иман келтірдік, түсіндің бе? – деді.

Ашу-ызадан қыстыға булыққан қарындасы еріндері

дірілдеп еңірей жылап жіберді. Қарындасының бетінің

қанағанын байқап, жылаған даусын естіген Омар

мейірімі оянып, жыли бастады. Сосын жұмсақ дауы-

спен:

– Жаңағы оқып отырған қағаздарыңды әкеліңдер,

көрейін,– деді.

Қарындасы Фатима одан алдымен дәрет алып,

тазалануын талап етті. Бой дәретін алып тазаланған

Омарға қарындасы “Таһа” сүресі жазылған қағазды

ұстатты. Өлеңге жаны құмар, сұлу сөздің қадірін білетін

Омардың аяттарды оқыған сайын көңілі толқи түсті.

Құраннан құйылған тылсым нұр оның жүрегін жаулап

алды. “Қандай ғажап сөздер, не деген үйлесімділік”–

деп, тамсана оқып шыққан ол Расулаллаһтың (с.а.с.)

қайда екенін сұрап алды да, еш бөгелместен, ешқайда

бұрылмастан, Аллаһ елшісі (с.а.с.) мен сахабалардың

жиналып отырған үйіне қарай тартты. Барған бетте

есікті қақты... Омардың даусын естіген сахабалар іштей

қобалжи бастады. Сол сәтте батыр Хамза тұрып:

– Кірсін, көрейік. Ниеті түзу болса, біз де

жақсылықпен қарсы аламыз, ал, ниеті жаман болса, өз

қылышымен ажал құштырайын, – деді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.):

– Есікті ашыңдар, кірсін! – деген кезде бір сахаба

есікті ашып, Омар ішке енді. Пайғамбарымыз (с.а.с.)

орнынан тұрып: