67
Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
– Әй, Хаттабұлы, сені бұл жерге жетелеген
қандай мақсат? – деп сұрады. Омар өзінің мұсылман
болғанын, Аллаһқа және елшісіне иман келтіргенін
айтқан кезде мұсылмандар қуаныштан тәкбір келтіріп,
Аллаһқа шүкіршілік етті
44
. Осылайша Омар қырқыншы
мұсылман болды.
Міне, осылайша мұсылман болған Омар бойындағы
батырлығы мен қаһармандығын бұдан бұлай Ислам жо-
лында, Аллаһтың дінін өркендету жолында жұмсады.
Абдуллаһ ибн Мәсу’д былай дейді: “Хазірет
Омардың Ислам дінін қабылдауы – күш-қуат, Мәдинаға
һижрет етуі – көмек, ал халифа болып сайлануы –
мұсылмандар үшін Аллаһтың бір сыйы мен рақымы
болды. Омар мұсылман болғанға дейін біз Қағбаға ба-
рып намаз оқи алмайтын едік. Ол мұсылман болғаннан
кейін Қағбада алаңсыз намаз оқуға қол жеткіздік”.
45
Сескену, қаймығу дегенді жат санайтын Омар
мұсылман болар-болмас Пайғамбарымыздан (с.а.с.):
– Ей, Аллаһ елшісі, өлсек те, тірі жүрсек де біз
тура жолда емеспіз бе? – деп сұрады.
– Аллаһқа ант етемін! Әрине, өлсеңдер де, тірі
жүрсеңдер де тура жолдағылар сендерсіңдер.
– Олай
болса ,
неге
жасырынамыз?
Құлшылығымызды Қағбаға барып жасайық, – деді
Омар (р.а.). Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұдан әрі бәрін
жариялаудың уақытының келгендігін түсінді
.
Себебі,
Исламға үндеп шақыру алғашқы кезде бағып-қағуға
мұқтаж сәби секілді еді. Енді осы сәби өсіп өз
аяғымен жүре алатын шамаға келген. Сондықтан да
44
Суюти, Тарихуль-хулафа, Бейрут, 1986, 124; Табақат, 2:268-
269.
45
Усдул-ғаба, 4:151; Табақат, 3:270.