70
Cаңлақ cахабалар
(с.а.с.): “Сендерге дейін өздері пайғамбар болмаса
да, пайғамбарлар сияқты сөйлеген израил ұрпақтары
болған. Егер менің үмбетімнің арасында сондай
біреулер болса, олардың бірі Омар болар еді” деген
47
.
Ол өзінің Ислам діні үшін танытқан табандылығы мен
жанқиярлығы жағынан Әбу Бәкір Сыддықтан кейінгі
орында тұратын. Хазірет Омар (р.а.) Мәдина дәуірінде
де үнемі Исламжолында қызмет етті. Барлық соғыстарға
қатысып, талай ерлік танытты. Соғыстардың бәрінде
Адамзаттың ардақтысының (с.а.с.) қасында болып, оны
қызғыштай қорғаштап, бұйрықтарын екі етпей орын-
дайтын.
Өзінің қалауынан гөрі жанынан да артық жақсы
көргенПайғамбарымыздың (с.а.с.) қалауының болғанын
қалайтын. Тіпті Аллаһ расулының (с.а.с.) ағасы Аб-
бас мұсылман болған кезінде Омардың қуанғандығы
соншалық, өз әкесі Хаттаб мұсылман болса, олай
қуанбас еді. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.с.) да егерХат-
таб мұсылман болса, Аббастың мұсылман болғанынан
да қатты қуанар еді
48
. Бұл жалпы сахабаға да тән қасиет
болатын. Олардың әрқайсысы Пайғамбарымызды өз
жандарынан да қатты жақсы көретін.
Омар Фаруқ (р.а.) та Аллаһ елшісін жанындай
жақсы көретін. Бірде Ғаламның рақым нұры (с.а.с.)
Омарға (р.а.):
– Мені қаншалықты жақсы көресің? – дегенде ол:
– Ей, Аллаһтың елшісі, сені жанымнан өзгенің
бәрінен де қатты жақсы көремін, – деді.
– Мені жаныңнан да артық жақсы көрмейінше
толық иман еткен болып саналмайсың, – деп Аллаһ
47
Муслим, Фадаилус-сахаба, 2
48
М. Шакир, 168-169.