68
Cаңлақ cахабалар
Пайғамбарымыз Исламды уағыздау мен ғибадаттың
ашық түрде жасалынатынын жариялады. Екі қатарға сап
түзеген сахабаларымен бірге Қағбаға қарай бет алды.
Қатардың біреуінде – Омар Фаруқ (р.а.), екіншісінде –
айбарлы баһадүр Хамза (р.а.) бар еді. Мұсылмандарды
бұл күйде көрген мүшріктер таңғалды. Кейбіреулері
Омар оларды тұтқынға алған екен деп ойлап қалды.
Алайда істің мәнін түсіне қойған Әбу Жәһил:
– Жоқ, олай емес. Біз Омардан да айрылдық, – деп
қатты қынжылды.
Сәлден кейін хазірет Омар (р.а.) олардың алда-
рына шығып: “Ешкім тұрған жерінен қимылдамасын,
әйтпесе, басын аламын”, – деді. Мүшріктер аузына
құм құйылып, тұрған жерлерінде қазықтай қадалып
қалды. Осылайша мұсылмандар Қағбада алғаш рет
ашық түрде намаз оқыды. Сол күні Екі Жаһан Сардары
(с.а.с.) Омарға “әл-Фаруқ”, яғни ақиқат пен жалғанның
ара жігін ажыратушы есімін берді.
Уақыт өте келе мүшріктердің мұсылмандарға
көрсеткен жәбірлері арта түсті. Бұл тұста Ислам діні
Мәдинада кең жайылып, қала тұрғындарының көбі
Исламды қабылдаған болатын. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
Мекке мұсылмандарына Мәдинаға көшуді, яғни,
һижрет етуді бұйырды. Сонымен мұсылмандар топ-
тобымен Мәдинаға көшіп жатты. Омардан (р.а.) басқа
мұсылмандардың барлығы жасырын түрде көшті. Бұл
туралы хазірет Әли былай дейді:
“Омардың тысындағы барлық мұһажирлер (һижрет
етушілер) жасырын түрде көшті. Ал Омар болса, һижрет
етуге шешім қабылдаған кезде, қару-жарағын асынып,
алдымен Қағбаға барды. Қағбаның жанында бір топ
мүшрікке кезікті. Ол кідірместен Қағбаны жеті мәрте