Previous Page  69 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 69 / 336 Next Page
Page Background

69

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

тауап жасап, Ибраһим мақамында намаз оқыды. Сосын

құрайыштарға қарап:

– Егер кімде-кім артынан анасы жылап, бала-

сы жетім, әйелі жесір қалсын десе қарсы шықсын, –

деді. Ешкімнің оған қарсы шығуға батылы жетпеді.

Сондықтан һижрет еткен кезінде оны мұсылмандар

ғана шығарып салды”

46

.

Хазірет Омардың (р.а.) айбатынан жасқанып, оған

құрайыштардың ешқайсысы тісі мен тізесін баты-

ра алмайтын. Алайда олардың басқа мұсылмандарға

көп қысым жасайтыны батыр Омардың (р.а.) жаны-

на қатты бататын. Ол “мұсылмандардың басына не

келетін болса, менің де басыма келгенін қалаймын” деп

қынжылатын. Сондықтан да азулы мүшріктерге өзінің

мұсылман болғандығын ауыз жаппай жариялаумен бо-

лады. Ондағы мақсаты – құрайыштар өзіне тиісер бол-

са, езіліп-жаншылған мұсылман бауырларының ұзында

өшін, қысқада кегін алу.

Омар Фаруқ (р.а.) да Әбу Бәкір Сыддық (р.а.)

сияқты мұсылман болмастан бұрын саудамен айналы-

сып, ел көріп жер таныған, көзі ашық, құрайыштардың

ішінде хат танитын некен-саяқ адамдарының бірі еді.

Мұсылман болғаннан кейін бар білгенін, қабілеті мен

күш-жігерін Расулаллаһтың (с.а.с.) әмірі мен Ислам

дінінің қызметіне арнады.

Әділеттің үлгісі Омар Фаруқ Сүйікті елшінің (с.а.с.)

қысылтаяң кездерде үнемі кеңесіп, пікір сұрайтын

ең таңдаулы сахабаларының бірі болатын. Оның

ақылдылығы мен парасаттылығы сондай, Аллаһ тағала

Құранда бірнеше жерде оның пікірін қолдайтын аяттар

түсірген. Бұл қасиетіне байланысты Пайғамбарымыз

46

Усдул-ғаба, 4:48; Суюти, 130