

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
267
жіберген пайғамбарының тілімен жеткізді», – дейді.
Осы кезде Пайғамбарымыз (с.а.с.) шығып, үмбетінің
дұрыс айтқанына куәлік етеді.
«Осылайша сендерді
артық-кемсіз орташа үмбет қылдық. Адамдарға куә
болуларың және пайғамбарларыңның сендерге куә
болуы үшін...»
349
деген аят осыны құптайды.
Хазірет Пайғамбарымыз (с.а.с.) ақиретте ететін осы
куәлігін есіне алғанда, мұңға шоматын. Ибн Мәсғуд
(р.а.) мына бір оқиғаны әңгімелейді: «Бір күні Аллаһ
расулы (с.а.с.) маған: «Құран оқы», – деді. «Құран сізге
түспеп пе еді? Оны өзіңізге қалай оқып беремін?» –
дедім. СондаПайғамбарымыз (с.а.с.): «Мен басқалардан
тыңдағанды ұнатамын», – деді. Мен «Ниса» сүресін
оқи жөнелдім.
«Әр үмбетке бір айғақ келтіріп, сені де
оларға куә еткенде, олардың жағдайы қалай болар
екен?»
350
деген аятқа келгенде, «Жетер, жетер», – деді.
Қарасам, Пайғамбарымыз (с.а.с.) жылап отыр екен
351
.
349
«Бақара» сүресі, 143.
350
«Ниса» сүресі, 41.
351
Бұхари, Тәпсір 4/9