

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
263
бастапқыда дәулеті мол еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
барлығын Аллаһ жолында жұмсаған. Одан кейін де
жаугершіліктен түскен олжа мен жер-жерден кел-
ген сыйлықтарды бір күн де қолында ұстамай елге
үлестіріп беретін. Жегені – арпа бидайынан ашытып
пісірілген нан. Бірде үйінде тіске басарлық азық тап-
пай, бір яһудиге сауытын беріп аздаған бидай алған
еді. Кейін сахабалар жаңағы яһудиге сұрағанын беріп
сауытты әрең сатып алған. Кедейлікпен күнелткені
өз алдына, бай болған күннің өзінде байлығының бір
бөлігін де ұрпағына қалдыра алмас еді, өйткені бір
сөзінде: «
Біз, пайғамбарлар қауымы, артымызға мұра
қалдырмаймыз. Қалдырған малымыз садақа болады
», –
деген-ді. Олардың қалдыратын мұрасы үйреткен діні,
көрсеткен сүннеті, ахлағы мен сарқылмас ілімі болса
керек.
109. Артта қалған жәдігерлеріне
құрметпен қарау дінімізде қаншалықты
маңызды?
Дін Исламның еш жерінен шашау шықпай басы
бүтін жетуінде сахабалардың еңбегі орасан. Хадисте
«аспандағы жұлдыздарға» теңелген осы құтты жамағат
Расулаллаһтан қалған рухани мұраны ғана емес, заттай
жәдігерлерге де қасиетті аманат ретінде қарап, көзінің
қарашығындай қорғаған. Әбу Бәкір (р.а.) мен Омарлар
(р.а.) бастаған жұлдыздар шоғыры Пайғамбарымыздың
шашы мен сақалын, тырнағын да дүниенің бар
байлығына теңгермес еді. Тіпті өздеріне тиген осын-
дай тәбәріктерін тастап кетуге қимай, өліп бара жа-
тып қабіріне бірге көмдіргендері де бар. Солардан
қалғандары бізге дейін келіп жетті. Құран мен сүннеттің
рухымызға шипа болғанындай, жәдігерлер де көзімізге