Previous Page  261 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 261 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

261

пайғамбарлық есігі жабылды, бұдан былай қияметке

дейін пайғамбар келмейді», –

деп түсіндірген

339

.

БірдеПайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «

Менмен

менен бұрын келген пайғамбарлардың мысалы әдемілеп,

сәндеп үй соққан кісі секілді, бірақ үйдің бұрышынан бір

кірпіштің орнын бос қалдырған екен. Көпшілік бұл үйді

айналып, әдемілігін көріп, таңырқайды, бірақ «мына

кірпіштің орны неге бос тұр» деп таңданады. Міне,

мына мен сол кірпішпін, мен соңғы елшімін

», – деген

340

.

Басқа сөзінде «

Мен соңғымын, менен кейін пайғамбар

келмейді

»

341

деген.

Бұл дәлелдермен қатар мынадай тұжырымдар

да Пайғамбарымыздың (с.а.с.) соңғы елші екендігін

көрсетеді.

1. Пайғамбарлық

міндеті.

Алдыңғы

пайғамбарлардың барлығы дінді тарату міндеттерін

толық орындау үшін шектеулі бір қауымға, белгілі бір

уақытқа ғана келген. Ал Мұхаммед пайғамбарымыздың

(с.а.с.) дінді тарату міндеті барлық адамдарға және

белгілі бір мекенмен, қауыммен шектелмей, ақиретке

дейін жалғасатын барша адамзатқа елші болып кел-

ген. Міне, сондықтан Пайғамбарымыздың (с.а.с.) діні

ақиретке дейін жалғасатындықтан, басқа пайғамбардың

келуіне қажеттілік жоқ.

2. Алдыңғы

пайғамбарларға

түскен

киелі

кітаптар (Таурат, Інжіл) бұрмаланып, өзгертіліп,

дұрысы мен бұрысын ажырату қиын жағдайға жетті.

Ал Пайғамбарымызға (с.а.с.) түскен Құран кәрім

Аллаһтың қалауымен бір әрпі де өзгертілмей, көктен

түскен күйінде сақталды. Құран мұсылмандардың

339

Тафсир Табари 22т 16 б

340

Сахих Бұхари 3 т 1300 б.

341

Сахих Мүслим 4 т 1828 б: Фатхул-Бари 6 т 557 б.